Ресейлік сапаны бақылау ұйымы Қазақстанның балмұздақ бренді өнімдерінде ішек таяқшалары барын анықтады. Сарапшылар 38 өндірушінің тәттілерін зерттеген, олардың ішінде 37 ресейлік брендтің және бір қазақстандық – «Шин Лайн» брендінен «Мишка на полюсе» балмұздағы бар. Зерттеу нәтижесі бойынша, 29 өндірушінің өнімдерінен әртүрлі зиянды қоспалар анықталды.