Халықаралық қарттар күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясы өтті. Үлкенді сыйлау, қарттарға құрмет көрсету ежелден бар дүние. Олай болса еліміздегі егде жастағы кісілерге қандай жағдай жасалған, біздің қарттардың орта жасы қаншада? Қоғамдық саясат институты аталған күнге орай шолу жасапты. «Әлемдік демографиялық перспективалар» баяндамасына сәйкес, 65 жастан асқан адамдардың саны басқа жас топтарымен салыстырғанда жылдам өсіп жатыр.