Әлем елдері арасында жүргізілетін жасанды интеллектіге дайындық индексінде өткен жылы Қазақстан 193 ел арасында 77-орынға ие болды (индексі 48,5). Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5 орынға шегергенін көрсетеді. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық инвесторлар ассоциациясы талдау жасапты.