Қазақстандағы активтер мемлекеттік мүлік тізілімі порталы арқылы сатылады. Ал, шетелде орналасқан активтерді сату сол елдің заңнамасына сәйкес іске асырылады. «Бүгінгі таңда «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС өз қызметінде келесі нәтижелерге қол жеткізді. 2024 жылғы 17 қазандағы жағдай бойынша Қорға 6,5 млрд теңге аударылды. Осы соманың 6,3 млрд теңгесі активтерді сатудан, ал 255 млн теңгесі активтерді басқарудан (жалға беру) түскен.