Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қауымдастығы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына хат жолдады. Хат авторлары еліміздегі жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласының дамуына алаңдаушылық танытады. Энергетиктердің пікірінше, Қазақстан индустриясы және экономикасы үшін импорттық жабдық аса маңызды болуы мүмкін. Хат мазмұнына үңілсек, Қазақстан ЖЭК-ке (жаңартылатын энергия көздері) байланысты халықаралық жобаларға белсенді қатысып жатыр. Аталған келісімдер көбіне жабдық өндірісін оқшаулау және отандық технологияларды қолдану міндеттемелерін көздемейді.