Қазақстан мен АҚШ инвестиция саласындағы қарым-қатынастарды дамытуды талқылады. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нәзира Нұрбаева Орталық Азия өңірінің ұзақ мерзімді әріптестік үшін әлеуеті зор екенін атап өтті. Өткен аптаның соңында Астанада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нәзира Нұрбаева Жаһандық инфрақұрылым және инвестиция бойынша серіктестік бағдарламасы бойынша АҚШ-тың арнайы үйлестіруші міндетін атқарушы Хелайна Матцпен кездесті.