Түркия БҰҰ-ға 52 мемлекет пен екі халықаралық ұйымның Израильге қару эмбаргосын енгізу туралы үндеуі бар хат жолдады. Бұған дейін Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданның ұсынысы бойынша БҰҰ-да Израильге қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатуды тоқтату мәселесіне халықаралық қауымдастықтың назарын аудару мақсатында бірлескен үндеу бастамасы көтерілген болатын. Бастама Израильге қару-жарақ пен оқ-дәрі сатуды тоқтату арқылы басып алынған Палестина аумақтарында, әсіресе Газа секторында Израильдің халықаралық құқықты, соның ішінде халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтарын бұзуының алдын алуды көздейді.