Қазақстанда қараша айында бірнеше ресми құжат күшіне еніп, тыйымдар мен талаптар маусымы басталады. 1 қарашадан бастап Астанадағы экспрес автобустарға айлық жол жүру билеті қолданысқа енеді. Қала ішінде қатынайтын автобустармен жүрудің айлық билеті 10 мың теңгеден, қалай іші мен қала маңына қатынайтын автобустарда жүрудің айлық билеті 13 500 теңге болмақ. Бұл билеттерді «City Transportation Systems» ЖШС-ның кассаларынан немесе банктердің ұялы қосымшалары арқылы онлайн сатып алуға болады.1 қарашадан бастап Алматының «Медеу» мұз айдынында қысқы сырғанақ маусымы басталады. Оған билетті кешеннің ресми сайтынан және Kaspi.kz, Halyk ұялы қосымшаларынан алуға болады.Мұз айдынына мына санатқа жататын адамдар тегін кіре алады.