Цифрлық даму министрі «Отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі 111 байланыс орталығын анықтау туралы» бұйрықты бекітті. 2024 жылғы 13 қыркүйекте күшіне енетін бұйрыққа сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы байланыс орталығы болып белгіленген. 111 байланыс орталығы ақпараттық технологиялар саласындағы уәкілетті орган белгілейтін заңды тұлға болып саналады.