Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 15 млн га астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 15 ц/га болғанда 22,7 млн тоннадан астам астық бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Осылайша, бидай 12,1 млн га алқапта жиналды. Өнімділігі 14,3 ц/га кезінде 17,3 млн тонна бастырылды. Арпа - 2 млн га, өнімділігі 17,1 ц/га кезінде 3,4 млн тонна бастырылды. Сұлы – 166,7 мың га, өнімділігі 16 ц/га кезінде 266,4 мың тонна бастырылды.