Ұлттық статистика бюросы ұялы байланыс абоненттерінің санына қатысты деректі жариялады. «2024 жылғы 1 қарашаға Қазақстанда 26 млн ұялы байланыс абоненті тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% көп. Абоненттердің жалпы санының 18,7 млн-ы интернетке қосылған, бір жылдағы өсім — 4,8%.