Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли қоғам тарапынан жиі қойылатын діни некеге қатысты сауалға жауап берді. Конституцияның 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде бекітеді және оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені белгілі. Т.Уәли кодекстің 2-бабына сәйкес тек арнайы уәкілетті органдарда тіркеуден өткен неке ғана заңды деп танылатынын айтты.