Көлік министрлігі әуе және теміржол жолаушыларының жеке басын куәландыратын құжатты тексеру, жүк және қол жүгін алып жүру қағидалары мен талаптарына өзгерістер енгізді. Құжат жобасы «Ашық НҚА» ресурсында жарияланды. Жаңа ережелерге сәйкес әуежай және вокзалдағы тексеру қызметкерлері жолаушының жеке басын куәландыратын қағаз құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисіндегі электрондық жеке куәлігін тексеретін болады.