Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 55 731 теңгеге дейін өсті. Жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі шілде айында 51 730 теңгеден тамыз айында 55 731 теңгеге дейін өсті. Тамыз айында ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша көшбасшылар үштігіне Маңғыстау облысы (68 687 тг), Алматы (60 595 тг) және Астана (59 851 тг) қалалары кірді. Аутсайдерлер қатарында Түркістан (48 067 тг), Қызылорда (49 566 тг) және Жамбыл облыстары (51 453 тг) бар.