Ұлттық статбюро еліміздегі бақыланбайтын экономиканың үлесі жайлы ақпарат жариялады. Былтыр өндірілген жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі — 119 808 038,7 млн теңге. ЖІӨ өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде 5,1% ға өсті. Жалпы өңірлік өнімнің ең жоғары өсім қарқыны Жетісу облысында (12,6%), Алматы қаласында (9,7%) және Атырау облысында (7,4%) байқалды.