Су ресурстары және ирригация министрлігінде су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде комитет құрылды. Жаңа комитет суды заңсыз пайдалану, оны есепке алу деректерінің бұрмалануы, сондай-ақ еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі.