Елімізде материалдық мәдениетке жатпайтын рухани мұралар мен құндылықтарды зерттейтін мекеме құру ұсынылды. «Өзіндік ерекшелігімізді сақтап қалуда, ұрпақтар байланысында, жаһандану заманында ұлттық құндылықтарды сақтап қалудың бірден бір жолы – материалдық емес мәдени мұрамызды қорғау. Сондықтан рухани мұраларымызды сақтап, ілгерілету бағытындағы ұсыныстарыңызды күтеміз. Бұл бір ғана жиын өткізіп, кете беретін мәселе емес. Сол сияқты сіздерді заң жобасымен айналысып, бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз. Арнайы институт керек деп жатыр, менің ойымша ғылыми-зерттеу орталық міндетті түрде керек. Заңды тұлға, ұйым айналыспаса, нәтиже болады деп айту қиын», - деді Асхат Аймағамбетов.