Оқу-ағарту министрі 2024-2025 оқу жылында соңғы қоңырау қашан болатынын айтты. Назарбаев Университеті базасында өткен мұғалімдердің республикалық тамыз саммиті аясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа «Соңғы қоңырау 25 мамырдан 1 маусымға ауыстырыла ма?» деген сұрақ қойылды. Журналистің сұрағына жауап бере отырып министр соңғы қоңырау басқа күнге ауыстырылмайтынын айтты.