Еуразиялық даму банкі Қазақстандағы цифрлық қызметтердің даму қарқынын саралап көрді. ЕАЭО-ның басқа елдеріне қарағанда біздегі интернет халықтың көп бөлігіне қолжетімді екені анықталып отыр. Есепке сәйкес, Қазақстанда азаматтардың 90,9 пайызы бірден интернетке қол жеткізе алады. Ресейде бұл көрсеткіш небәрі 88,2%-ды, ал Беларусьте – 86,9%-ды құраған. Түркіменстандағы көрсеткіш 38,2%-ға тең.