Қазақстан мас-рестлингтен ұлттық құрамасы спортшылары Бірімжан Асылмұрат және Тахмина Қожамбердиева V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдесін қанжығалады. Алау спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеде, Бірімжан Асылмұрат (65 келі) монголиялық спортшы Тцеренцогол Пуревсуренмен қола жүлдеге таласып, қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.