Қазақстандық ғалымдар Ватикандағы Апостол кітапханасының мұрағатына барып, бұрын қолжетімсіз болған материалдармен танысады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті. Министрдің айтуынша, үш жыл бұрын Қазақстанның Шығыстану институты мен Ватикан кітапханасы арасында келісімге қол қойылды.