Ақтауда Қазақстан мен шетелдік ірімшік өндірушілердің қатысуымен форум өтіп жатыр. Халықаралық шараға Франция, Нидерланды және Ресейден мамандар келген. Әлемдік деңгейдегі сарапшылар, технологтар мен ғалымдар сүт өнімдері, балмұздақ және ірімшік өндірісіндегі жаңа технологиялар мен озық әдістерді талқылауда.