Unico Play онлайн-кинотеатрының қазақстандық «TWO» атты жастарға арналған сериалының трейлері әлемдік кинонарықтың ең танымал көрмесі MIPCOM-ға ұсынылған болатын. Қазақстандық өнім MIPCOM-ның Fresh TV секциясында Netflix, STUDIOCANAL және Beta Film секілді индустрияның әлемдік лидерлердің жобаларымен қатар көрсетілді. Бұл осы секцияда таныстыруға іріктеліп алынған қазақ киносының тарихындағы бірінші туынды.