2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салымшылардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы жеке және шартты шоттарында шамамен 20 трлн теңге жинақталды. Жыл басынан бері өсім 2,1 трлн теңгеден (11,8%) асты. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, зейнетақы жинақтарының көлемі 3,9 трлн теңгеге жуық немесе 24,3% өсті. Отандастарымыздың жинақтарының 96% міндетті зейнетақы жинағы есебінен қалыптастырылды, оның көлемі шамамен 19,3 трлн теңге болды (бір жылдағы өсім – 23,7%, жыл басынан бері-11,3%).