Елімізде тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіледі. Аталған қаулының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктердің 2 200 АЕК мөлшеріне дейін бере алатын кепілсіз несие сомасын шектеуді ұсынып отыр. 2024 жылғы АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемі – 3 692 теңге. Егер жаңа қаулы қабылданса, азаматтар кепілсіз 8 млн 122,4 мың теңгеден астам сомаға несие алу мүмкіндігінен айырылады.