Қазақстанға Нидерландыдан Амур жолбарыстарының жұбы жеткізілді. Орман шаруашылығы комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаевтың айтуынша, голландиялық орталықпен жасалған меморандум бірлескен нәтижелі жұмыстың бастауы болды. Жабайы табиғатта популяциясын қалпына келтіру үшін Нидерландыдан Қазақстанға екі амур жолбарысы әкелінді. Жануарлар Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи қорығына келді.