Қазақстаннан баға жетпес жәдігерлер сыртқа шығарылған. Бұл жайында Бас прокуратура жанындағы активтерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков Jibek Joly телеарнасының деректі фильмінде айтты. Еліміздегі және одан тысқары жерге шығарылған активтерді қайтаруға бағытталған күрделі процесс басталды. Осыған орай Бас прокуратура халықаралық ынтымақтастық аясында түрлі елге мүліктерді бұғаттау және тәркілеу бойынша сұраныс та жіберіп отыр.