Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында жол апаты көп болатын жолдарды атады. «Қазір республикалық жолдардың тек 3% ғана қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді (95 мың км-дің 3 мыңы). Осындай жолдарды жөндеген соң адам шығыны бірнешеге азайды», — деді министр. Айтуынша, кейінгі 10 жылдың ішінде «Астана — Щучинск» жолында көлік апатының саны — 75-тен 12-ге дейін, «Астана — Теміртау» жолында 30-дан 18-ге дейін кеміген.