Алматы облысында «Қазақтелекомға» тиесілі сымдардың үзілуі салдарынан кішкентай бала қаза көз жұмды. Қайғылы оқиға Кеген ауданының Шырғанақ ауылында болған. «Қазақтелеком» АҚ ұжымы Алматы облысы, Кеген ауданы, Шырғанақ ауылында болған қайғылы оқиғаға байланысты марқұм баланың ата-анасы мен туған туыстарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады. «Қазақтелеком» қаза тапқан баланың отбасына материалдық көмекпен қоса, өзге де жан-жақты көмектерді көрсетуге әзір», — дейді «Қазақтелеком» АҚ компаниясы.