«Қазселденқорғаудың» бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаев сот залында қамауға алынды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 25 шілдеде Алматы облыстық соты төтенше жағдай министрлігі «Қазселденқорғау» ММ басшысы Кәрім Көкрекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды.«Қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың жаңа қарауына жолданды. Сонымен қатар, Кәрім Көкірекбаев сот залында қамауға алынды», – делінген.