Өскемен қалалық №2 соты Қайрат Сатыбалдының жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтінішін қарады. Сот үкімімен Сатыбалды сеніп тапсырылғанның мүлкін жымқыру, ұрлық жасау мақсатынсыз залал келтіру бойынша мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.