Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) пакетіндегі аурулардың бір бөлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) ауыстырылады. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мұны қыркүйекте Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім еткен болатын. Бұл не үшін қажет? Қаншалықты тиімді және қашан жүзеге асырылады.