Ақтөбе облысында киіктерді мотоциклмен қағып өлтіретін браконьер ұсталды. Ол Қызыл кітапқа енгізілген түз тағысын осылай аулайды екен. Қобда ауылы маңында тәртіп сақшылары тоқтатқан Lada Largus автокөлігінен киік еті табылған. 42 жастағы жүргізуші жіліктелген бес ақбөкенді Ырғыз ауданы аумағынан аулағанан айтады. Қарусыз аңшылыққа қалай шыққанын сұрағанда, күдікті мотоциклмен соғып алғанын жасырмапты.