Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаев қаласында № 2 шағын аудан тұрғындары ыстық су мен жылусыз отыр. Оған тұрғын үйлердің бірінде құбыр жарылуы себеп болған. Қаланың «Жылу орталығы» мекемесі бүгін кешкі 18:00-ге дейін жөндеу жұмыстары жүретінін айтты.