Бүгін Конституция күні. Еліміздің бас құжаты — Тәуелсіз мемлекетіміздің Ата заңы қабылданған күн. Мемлекет тұтастығы, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, азаматтар құқығының сақталуы, демократиялық құндылықтардың барлығы осы заңның аясына топтасқан.