Жамбыл облысының Қордай ауданында 14 жасар жасөспірім қызды зорлаған. Оқиға осыдан 15 күн бұрын орын алса да, жәбірленушіге күні бүгінге дейін ешқандай психологиялық көмек көрсетілмеген. 26 маусымда болған оқиғаның генетикалық зерттеу нәтижесі дайын болмай, іс қозғаусыз тұр. Өз кінәларын мойындап, болған іске куәлік еткен күдіктілер болса да, олар қамауға алынбаған. Құзырлы органдар да әлі тиісті назар аудармай келеді.