Қорғаныс министрінің кейбір бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Тиісті құжат Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды. Қорғаныс министрінің әскери қызмет өткеру мәселелерін реттейтін бұйрықтарына құқықтық мониторинг жүргізу барысында іс жүзінде қолданылмайтын нормалар нақтыланған. Атап айтқанда, Қарулы күштерге ауысатын құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерін қайта аттестаттау үшін әскери оқу орындарында базалық курстардан өту қажеттілігін көздейтін норма бар,