Тәртіп сақшылары көшені ластаушы күдіктіні көп ұзамай қолға түсірді. Құқық бұзушылық туралы учаскелік инспекторлар тұрғындардың WhatsApp желісіндегі ортақ чаты арқылы білген.Іздестіру шараларының нәтижесінде қ ұқық бұзушы жедел анықталды. Ол өзінің іс-әрекетін жүк көлігінің бұзылуымен ақтағысы келгенімен, заңды жауапкершіліктен қаша алмады. Тәртіп сақшылары әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ, сойылған жануарлардың қалдықтарын ер адамның өзіне жинатты.