Алматыда қазақ тазысының және өзге де ит тұқымдарының қатысуымен «Көшпенділер даласы» атты көрме өтіп жатыр. Іс-шараны «Аврора» кинологиялық клубы ұйымдастырып отыр. Халықаралық көрмеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден барлығы 500-ден астам ит әкелінген.