Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ресми түрде ашты. «Бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қош келдіңіздер! Бауырлас мемлекеттердің басшыларына зор ризашылығымды білдіремін. Мәртебелі меймандарға және спортшыларға шынайы алғыс айтамын. Көшпенділер өркениеті дүниежүзі тарихында өшпес із қалдырды. Ұлы Дала көшпенділері ежелден байтақ Еуразияны мекен еткен, олар жаһандық даму үдерісіне түбегейлі өзгеріс әкелді. Сол замандағы озық технологияның иесі болды. Көшпенділер бес мың жыл бұрын жылқыны қолға үйретті. Дүниені дүбірлеткен салт аттылар мәдениетін қалыптастырды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ресми аша отырып.