V дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жамбы атудан ел намысын қорғайтын үздіктер анықталды. Қатарында Азия мен әлем чемпионаты жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Ұлттық құрама сапындағы үздік төрттікті Олимпиадалық даярлау орталығы жасақтады. Еліміздің үздік 10 жамбы атушысы іріктеуде байрақты додаға тікелей жолдама беретін үш орынды сарапқа салды. Әр өңірден келген мергендер «Мажар», «Азия», «Түркі», «Жамбы» стилі бойынша бақ сынаған. Жалпы есептің қорытындысы бойынша түркістандық Айтбек Сарыбай мен Ералхан Айкөз және алматылық Абзал Тұлыбеков іріктеуден іркілмей өтіп жолдамаға қол жеткізді.