5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ел қоржынына екі алтын медаль түсті. Алғашқы алтынды әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Айжан Жылқыбаева жеңіп алды. Ол финалда қырғызстандық қарсыласы Л.Асакеевадан айласын асырды. Ал ерлер арасында 55 келі салмақта Бекжан Төлепов финалда тағы бір қырғызстандық балуанды қапы қалдырып, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.