5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен отандастарымыз бір күнде 8 алтын медаль жеңіп алды. Алтыншы алтынды ел қоржынына әйелдер арасында 60 келі салмақта сынға түскен Бақыт Құсақбаева жеңіп алса, жетінші алтын жүлдені ерлер арасында 66 келіде Дидар Тұқышев иеленді. Ал сегізінші алтын жүлдені 74 келі салмақта тағы бір отандасымыз Жұмажан Қожамбеков жеңіп алып, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынының чемпионы атанды.