5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші жарсы күнінде қазақстандық спортшылар медальдар санын 86-ға жеткізді. Отандастарымыз ел қоржынына 6 алтын, 7 күміс, 5 қола жүлде сыйлады. Жалпы есепте Қазақстан қоржынында 32 алтын, 24 күміс, 27 қола жүлде бар. Осылайша, жалпы есепте спортшыларымыз бірінші орында келе жатыр.