Қосшыдағы су тасқыны бақыланатын режимге өтті. Тайтөбе ауылында су тасқынына қарсы топырақтан тұрғызылған жасанды бөгетті нығайту жұмыстары аяқталуда. Жергілікті атқарушы органдар мен халықтың күшімен биылғы жылы қолданыстағы 2400 метр бөгет 1200 метрге ұзартылып, 2,5 метрге биіктетілді.