Қостанай облысында өрт сөндірушілер оқиға орнынан бес баланың денесін тапты. Қайғылы оқиға түнде болған. Үй шатыры опырылып құлаған кезде онда ересектердің қарауынсыз қалған 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған балалар болған. Өкінішке қарай, үйінділерді тазалау кезінде бес баланың денесі табылды. 2011 жылы туған балалардың үлкені зардап шеккен жоқ.