Қостанайда панажайдағы иттерді жаппай улап өлтіргендер іздестіріліп жатыр. Тіпті еріктілер қастандық жасағандар туралы мәліметке қомақты сыйақы тағайындаған. Әлеуметтік желіде тараған видеода уланған иттердің әр жерде арам қатқан. Олардың арасында жақын маңдағы тұрғындардың да иті бар. Уланған төрт аяқты үй жануарының саны оннан асады.