Қостанай облысында ит қауып алғандардың дені балалар мен жасөспірімдер. Бұл туралы Kazinform тілшісі хабарлайды. Облыстық СЭС департаменті 1700-ден астам ит қауып алу жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Оның 879-ы қаңғыбас иттер. Сондай-ақ, облыстың 710 тұрғыны мысықтан, 8-і жылқыдан, 11-і ірі қарадан, 108-і жабайы жануарлардан зардап шекті.