Қостанай облысында алаяқтық жасаған полицей сотталды. Ауылдық полиция қызметкері өз атына несие алған ауылдастарын адастырған. Полицей бұл ақшаны бәс тігуге жұмсаған. Оқиға Қостанай облысының Денисовский ауданында болды. Полиция капитаны 2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың маусым айына дейін ауылдастарын түрлі сылтаулармен екінші деңгейлі банктерден несие алуға көндірген. Ер адам бар ақшасын лотерея клубындағы ставкалар мен ойындарға жұмсаған.