Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары АҚШ бизнесін бірлескен инвестициялық жобаларға шақырды. Әлібек Қуантыров Астанада Америка сауда миссиясының делегациясымен кездесу өткізіп, ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Астанада Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров АҚШ Мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия бойынша көмекшісінің орынбасары Дэвид Де Фалько және АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм кірген АҚШ Сауда миссиясының делегациясымен кездесті.